ШЫНАЙЫЛЫҚ

lat: SHYNAIYLYQ

зат.1. Нағыз дәлдік, дұрыстық.

Автор кейбір образдармен әуестенеді деу, әрине, бос сөз, ол бейненің шынайылығына күдіктенуге болмайды (I.Омаров, Шабыт).

2. Бүкпесіздік, адалдық.

Онда «апырай, аман-есен жібергеніңіз рас па» деген үнсіз таңқалыс та, лып етіп тұтана қалған қуаныш та, шексіз ризашылық та, бірақ өз күнәсін жасырмай түгел мойындап тұрған, ар жағына сыр бүкпейтін ақ көкірек адалдық та, монтаны мүләйімді білмейтін шынайылық та, тіпті осының бәрі өң бе, түс пе дегендей дүдамал үрей де бәрі-бәрі түгел бар-ды (Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ).