ЫҚТИМАЛДЫҚ

lat: YQTIMALDYQ

з а т. 1. Бір нәрсені жүзеге асырудың объективтік мүмкіндігі, жүзеге асырылу деңгейі. 2. м а т. Математикада анықталған шарттарда саны шексіз рет қайталама алатын қандай да болмасын белгілі бір оқиғаның пайда болуының мүмкіндік дәрежесінің сандық сипаттамасы. Тең мүмкіндік немесе тең ы қ т и м а л д ы қ ұғымдары ағашқы ұғымдарға жатады, олар логикалық (формалды) анықтама беруді қажет етпейді (ҚҰЭ). Математикада ы қ т и м а л д ы қ ұғымды түсіндіру үшін мысалдар келтірелік (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану ғылым. техн. даму. матем. ролі).