ЫЛҒАЛ

lat: YLǴAL

1 з а т. 1. Заттар құрамындағы су. Ы л ғ а л тамақ өнімдерінің құрамында мол болады және оның сақталуына әсер етедіаз. тілі термин. Тамақ.). Ы л ғ а л сол заттағы судың массасын жалпы ылғалды зат массасына бөлгенге теңаз. тілі термин. Тамақ.). 2. Құрамында суы мол топырақ, дымқыл ауа. Бұршақ дақылдары ы л ғ а л д ы өз салмағынан екі еседен артық керек етеді (К.Боранғазиев, Жем шөп). Овощ дақылдары топырақтағы ы л ғ а л д ы ң мол болуын сүйеді (Ботаника). Құрғаса батпақ алабы, Ы л ғ а л ы бірақ қаладыаржан сөз). 3. а у ы с. Көздің жасы. Біз емес, барлық ауыл жұбағандай, Бір өзің барлық үйден шығар жандай. Қарасам көзіңе мен тұрды сонда Мөлдіреп, дөңгеленіп ы л ғ а л бардай (М.Құттықов, Ар-намыс). 4. а у ы с. Су, сусын деген мағынада. Есік қаққан, кіріңіз. Сапаекем ғой, Сұлу мұртты десек бір жас екен ғой, «Келген жыры», «Кек жыры» қолыңызға Жаңа жылға көтерген тост екен ғой, Десіп түгел қуанып қалысып ек, ішінде түк ы л ғ а л жоқ бос екен ғой… (А.Тоқмағамбетов, Дария сыры).