ЫЛҒАЛДЫ

lat: YLǴALDY

с ы н. Құрамында суы, ылғалы бар. Егіс даласын ы л ғ а л д ы күйде ұстау үшін, қыстыгүні қар тоқтату керек (Ф.Оңғарсынова, Біздің Кәмшат). Үрдесін жел ы л ғ а л д ы жерді дегдітіп-ақ тастапты (Қ.Салғарин, Жаныңда жүр.). Ы л ғ а л д ы жер лайын үйрілдіріп, самолет қонды жерге бетін түзеп (А.Тоқмағамбетов, Шығ.). Ағаш та ы л ғ а л д ы жерде көгереді (Қаз. халқ. мақал-мәтелдері).