ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

lat: YNTYMAQTASTYQ

з а т. 1. Тату-тәттілік, ұйымшылдық, бірлік. 2. с а я с и. Түрлі мүдделі топтардың бейбітпен қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Микродеңгейдегі ы н т ы м а қ т а с т ы қ ретінде түрлі топтардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады (ҚҰЭ). Бұл бас қосу екі ел арасындағы ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы тағы да дәлелдеп берді («Соц. Қаз.»). ҚР халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді (ҚР Конституциясы).