ЫРЫМДА

lat: YRYMDA

е т. 1. Ырым ету, жақсылыққа жору. Олар оты жақсы жанған үй бақытты болады деп ы р ы м д а ғ а н (М.Исқақов, Соқыр сенім.). Қызымның дастарқаны мол болсын деп ы р ы м д а п, тоқты етінің бір жапырағына тигізбей түгел салды (С.Жүнісов, Ақан сері.). Кесене кең далаға қарқын сайлап, Көркіне жігер қосты барқын аймақ. Белгі осы бүкіл қазақ бірлігіне, Ы р ы м д а п ел орнатқан алтын айғақ (К.Салықов, Жезкиік.). 2. ж а ғ ы м с ы з. Ниеті бұзылу, жаманшылыққа бастау, қаралық жасау. Салиха атты көріп қайран қалды, Ы р ы м д а п бір жаман іс ойына алды. «Өткен түн бір жағымсыз түс көріп ем, Көңілім де қате еместей енді нанды (Ә.Найманбаев, Шығ.).