ЫРЫМШЫЛ

lat: YRYMSHYL

с ы н. Ырым ұстанғыш, салтшыл. Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ы р ы м ш ы л адам болып шығады (М.Жұмабаев, Шығ.). Жәмпейіс ы р ы м ш ы л адам еді, сатып алған аттың жолшыбай жоғалуын ол жақсылыққа жорыған жоқ (С.Мұқанов, Есею жыл.). Ақбер діншіл болмағанмен сондай ы р ы м ш ы л болса керек (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай.).