ЫРЫМШЫЛДЫҚ

lat: YRYMSHYLDYQ

з а т. Ырымшыл болушылық, ырым еткіштік. Бұдан соңғы бір ескі ы р ы м ш ы л д ы қалаға да, өмірге де нанбаушылық. Ол өзінің бала жасынан бойына сіңген ы р ы м ш ы л д ы ғ ы н тастамайды (С.Бегалин, Уақыт.). Ескі ы р ы м ш ы л д ы қ т а р д ы ң біріншісі «сабақ» аңғартылмақ мағлұматтың мазмұнымен, сөз қазығымен есептеспей, бұрынғы оқытушылар дәрісті сағаттың тілімен өлшейтін ырымшылдығы бар (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). Қасболат дінге, ы р ы м ш ы л д ы қ қ а қарсы талай үгіт жүргізді (Т.Ахтанов, Боран.). Нәдірдің бойына жалпы ы р ы м ш ы л д ы қ бітпеген адам (Б.Тоқтаров, Тауда.).