ЫСТЫҚ

lat: YSTYQ

1с ы н. 1. Отқа қыздырылып, ысыған (ас, су). Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған кезде ы с т ы қ қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді (М.Жұмабаев, Шығ.). Еділов аққұманын толтырып ы с т ы қ су құйып алды (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Түсте арттарыңнан ы с т ы қ тамақ жібергізем (С.Мұратбеков, Жабайы.). 2. Қатты қызған, температурасы жоғарылаған (ауа райы). Күн ы с т ы қ, қой майынан еріндері де, беттері де жылтылт етеді (М.Жұмабаев, Шығ.). Бұхараның таңы ы с т ы қ тал түстей, Январьда тұрады оған қар түспей, Қолда кесе саусақтары сыртылдап, Шайханада билейді өзбек артистей (С.Мәуленов, Алыс кет.). Ы с т ы қ жаздың 3-4 айында балалардың қанша білім үйренуі мен шәкірттердің қыстық қанша жеткілікті пұл табу жағын шамалайтын қазақ аз (М.Дулатов, Шығ.). 3. а у ы с. Ардақты, қымбат, жақын. Жүйтки бер, тұлпар, жүйтки бер өмір, замана, Жалтақтама, алды-артыңа қарама. Айтармын мен де ең ы с т ы қ соңғы сөзімді: Еліңді сүй деп, жерінді сүй деп балама! Жүйтки бер, тұлпар, жүйтки бер, өмір, замана (Т.Молдағалиев, Шақырады.) Туған жер, тауың да ы с т ы қ, тасың да ы с т ы қ, Туған ел, кәрің де ы с т ы қ, жасың да ы с т ы қ. Жүрсең де бөтен елде бөртіп майға, Ел мен жер естен кетпес бұлбұл ұшып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан, Ондағы жандар көз ашпас еді-ау қуану менен шаршаудан. Сүйем мен сені, сүйем мен сені көкірегі ы с т ы қ дүние Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан! (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).