ЫСТЫҚ

lat: YSTYQ

3 з а т. Адам не мал денесіндегі қалыпты температураның ауырған кездегі көтерілуі, қызуы. Оллаһи шын, ы с т ы ғ ы м отыз сегіз, деп Сәден төсектен басын жұлып алды (Т.Ахтанов, Боран.). Арада екі-үш күн өткенде Саянның ы с т ы ғ ы төмен түсе бастады (С.Шаймерденов, Мезгіл). Бүгін көңіл күйіңіз қалай? Ы с т ы ғ ы ң ы з басылды ма, деді дәрігер оған («Қазақст. мект.»).