ЫСТЫҚТА

lat: YSTYQTA

е т. Күн қызуынан не киімнің қалыңдығынан ыссылау, терлеу. Ол әбден қаратерге түсіп, ы с т ы қ т а ғ а н соң сырт киімінің түймелерін ағытып тастады (С.Нұрғожаев, Бала ауруы.). Құрмандар онсыз да ы с т ы қ т а п отырған үйдегілерді қапалатып, сығылысып келіп отырды (С.Сейфуллин, Шығ. жин.). Мен де ы с т ы қ т а п, бойым ауыр тартып, әзер жүріп келемін (Ә.Қалдыбаев, Шаншар.).