ЫСЫРАП

lat: YSYRAP

з а т. 1. Шашылып-төгілуден, қырсыздықтан болатын зиян, шығын. Орынсыз шашқан ы с ы р а п. Абыройыңды жықты ма? Ұрсыңқырып айттым-ау, Ерегіспей ұқты ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Адамның да ақылдысы сен ы с ы р а п қылып бар малыңды орынсызға шашып жүрсең аздан соң кедей болатұғыныңды білді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. э к о н. Қарамағына заңды негіздерде түскен ақшаны немесе өзге мүлікті адамның заңсыз пайдалануы. Ы с ы р а п т ы банк қызметшісі, ұйымдардың кассирлері мен бухгалтерлері, басқа да қызметкелер, әскери қызметшілер жасауы мүмкін (Қаз. тілі термин. Экономика.).