ІЗДЕНУ

lat: İZDENÝ

Ізден етістігінің қимыл атауы. 1. құқық. Сот шешіміне риза болмаған жақтың басқа жолдарды қарастыруы.

Бұрынғыша уголовный, гражданский істер народный соттың қарауында тұра береді. Бірақ ырза болмаған жағының іздену жолын кеңейтеді (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам.).

2. Оқу, білім, ғылыми танымын кеңейту жолында көп еңбектену, оқу, ұмтылу.

Ол тоқырап, бір орнында тұрып қалған адам емес, творчестволық оқу, іздену жолында (С.Мәуленов, Шыңда.).

Ғылыми зерттеумен шұғылданғанына біраз болған, іздену сапары үнемі сәтті бола бере ме, кейде көңілі қалып оралады (Е.Оразақов, Қайта соқ.).

Мұнда ғылыми қызметкерлер үшін де, өндіріс мамандары үшін де өндіріс процестерін күшейтуде, технологиялық жаңалықтар ашуда творчестволық батыл ізденулердің шексіз мүмкіншіліктері ашылады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан менің отаным).