ІЗДЕНУШІ

lat: İZDENÝSHİ

зат. 1. Бекітілген ғылыми тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысушы, соңына түсіп іздеуші, зерттеуші.

Әзірге біз ескі сарынмен келеміз, ізденушілер мардымды ештеме шығара алмай жүр, деді ғалым шәкіртіне (Е.Оразақов, Дәрігер.).

Ізденуші бір ай мерзім ішінде ғылыми жетекші келіскен жұмыс жоспарын бөлімге тапсырады («Қазақст. мект.»).

2. Айыбын жеңілдету үшін біреудің ісін қуушы.

Айыптылар жағының ізденушілеріне Құзғынбаевтан гөрі Ботакөз көбірек болды (С.Мұқанов, Ботакөз.).