ІЗДЕНУШІЛІК

lat: İZDENÝSHİLİK

зат. 1. Шығармашылық жұмыспен айналысудағы жаңалыққа ұмтылушылық, іздеушілік, зерттеушілік.

Саяси лирика саласында ақында өсу бар, ізденушілік бар (С.Қирабаев, Октябрь.).

Асқардың кейбір өлеңдерінде ырғақ, түр жағынан ізденушілік те бар («Қаз. әдеб.»).

2. Ғылыми жұмыстағы зерттеушілік.

Аспирантурада сырттан оқу және ізденушілік жұмыстарына талдау жасалды (Қазақст. мект.»).