ІЗДЕУ

lat: İZDEÝ

2. зат. 1. инф. <searching, retrieval> Орындау нәтижесі берілген тақырып бойынша сақтауыш құрылғыда сақталған мәліметтерді таңдап алуға болатын операциялардың, әдістер мен процедуралардың жиынтығы (Қаз. тілі термин. Информатика.).

2. әск. Бөлімшенің (топтың) тұтқындарды алу, құжаттар мен қару-жарақ үлгілерін басып алу мақсатында белгіленген объектіге жасырын түрде және кенеттен шабуыл жасауымен жүргізілетін әскери барлау тәсілі.

3. Әскери-әуе күштерінде қарсыластың әуедегі ұшақтарын немесе маңызды жер үсті объектілерін табу мен жоюдағы жеке ұшақтың немесе ұшақтар тобының өзіндік іс-қимылы.

4. Ғарышта түсірілетін ғарыштық аппараттарды табу, экипаждарға және оларды эвакуациялауда көмек көрсету.

5. Шекара әскерлерінде іздеу шекара әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің іс-қимыл түрі (Қаз. тілі термин. Әскери.).