ІЗДЕУШІ

lat: İZDEÝSHİ

зат. 1. Бір нәрсені тауып алуға талаптанушы кісі, іздейтін адам.

Алтын іздеушілер артелінің мүшесі тұрмысы жақсы, ақшасы көп, тамағы тоқ (С.Омаров, Өмір.).

Үшінші күнге айналып барады, іздеушілер таба алмай қайтты (Т.Ахтанов, Боран.).

Орта бұлақтың жан-жағынан Шоқан мен Жайнақтың аттарын атаған ағайлар шықты, бұлардың іздеушілер екенін екі бала тез аңғарды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз.).

Ботбайдан жүз кісі кеп қамалады.

Дауға-дау қабаттасып жамалады.

Кеткелі іздеушілер бір ай өтті,

Қаңғырып қайтып келді, таба алмады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Шықты алдан тайға бұлағы,

Жүк түсті зілдей арқадан.

Іздеуші келе құлады

Оқ тиген жандай шалқадан (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

2. Жоқтаушы, түгендеуші.

Мен де сондай іздеушінің бірімін,

Көп естимін жапырақтың дірілін,

Көп естимін тоғайлардың гуілін,

Мен де сондай іздеушінің бірімін (C.Жиенбаев, Алтын қалам).