ІЛГІШ

lat: İLGİSH

1. зат. 1. Белгілі бір затты іліп қоятын нәрсе, ілгек.

Үстінің қарын қағып, сыртқы киімдерін босаға жақтағы ілгішке ілді де, қалтасынан бұрқыраған қағазды суырып алды (К.Тоқаев, Көмескі із.).

Оң жақ бұрышта карта ілгіш орналасқан, оған картиналарды іліп пайдаланамыз («Қазақст. мект.»).

Ол сәл кідіріп қалған қонағының киімін алып, ілгішке ілді (М.Әбдіхалықов, Жердің асты.).

Көшербай тоны мен құлақшынын ілгішке ілді (Сералиев, Шығ.).

2. Ашылып-жабылып тұратын нәрселерді бекітіп қою үшін жасалған тиек.

Есіктің ілгішін де салып қойғаның дұрыс болар, деді Андрей (Т.Жангелдин, Партизан.).

Бір уақытта сыртқы есіктің ілгіші сылдырап, әлдекімнің шығып бара жатқанын аңғарды (Ә.Кекілбаев, Құсқанаты.).

Арай есікті тарс жауып, ілгішін салды (Домбаев, Шығ.).