ІЛГІШ

lat: İLGİSH

2. сын. Іліп түскіш, қағып алып кететін, ілгір.

Ұшқыр, ілгіш қаршыға қанды тұяқ,

Қаз, үйрек, қырғауылды қойдай қырды (Ш.Әбенов, Кейпін батыр).

Қаршыға, бүркіт пенен лашын, тұйғын,

Болатын небір ілгіш ителгілер (М.Әшірбеков, Белестер.).

Ал, көкпар ілгіштер кәні! деп дауыстады білегін сыбанған біреу (Ә.Көшімов, Жас аңшы.).