ІШІК

lat: İSHİK

зат. этн. Елтіріден, сеңсеңнен, әртүрлі аң терілерінен тігілген, сырты матамен тысталатын қазақтың ұлттық киімдерінің бірі.

Түлкі тымақ, сырты пай,

Мойында бар ақ шарып.

Қымбат ішік, қыл шапан

Папирос тарттым баптанып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қолында толған өңшең алтын жүзік,

Зүмруд, березелі бар білезік.

Үстінде камзол ішік тысы қамқа,

Меруерт омырауы қойған тізіп (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Жаназасын Ысқақ казірет шығарады ғой. Біздін жолымыз сүйекке түсу болар. Жақсы ішіктердің бірін соқсақ жарар еді... (Ж.Аймауытов Шығ.).

Ішікті тігіп болды екі күнде,

Арылтып ине-жіптен болды мүлде.

Ішікті бір кәнизек алып келді,

Осы өнер бола бермес әлдекімде (Ә.Найманбаев, Шығ.).