1ШАРЫ —
ет. Бір нәрсені әрлі-берлі орап байлау. Ол дөңгелектерді темір шынжырмен шарып байлауға кірісті (К.Баялиев, Жер.). Қаңылтырмен шарыған кесе түбінде мақта білте шам жанып тұр (А.Құрманов, Құлан.). ...
2ШАРЫ —
ет. Шарқыштану, жаратпай өзінше болып шалқу. Сүйегі жасық тексіз жан, өзі қайдан жариды. Сый қонақтар келгенде, Жаман әйел шариды (Ақыт Үлімжіұлы). ...
3ШАРЫЛ —
зат. Шар ете қалған дыбыс. Таң ата естіле қалған шарыл Жұманның құлағына енді тіпті айқын қадалды (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Іштен су құйған майлы қазанның шарылы естіледі (Ә.Сараев, Тосқауыл). ...