Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
бұйым
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
92
нәтиже табылды
1
Бұйым
— зат. жерг . Мата, кездеме, шүперек. Ақ бұйымға орап алғанда, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғаныңда, Денемді əбден арулап (Шəкəрім, Шығ., 187). Кіндікті кесіп тастамағы, Жас өмір сүйтіп ...
Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
2
БҰЙЫМ
— зат. (1) Мүлік, дүние. (2) Іс, шаруа, бұйымтай * Осы еді айтқан бұйымың («Болат-Жанат»). ...
Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
3
БҰЙЫМ
— Мүлік, жиһаз, дүние, зат. ...
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.
4
БҰЙЫМ
— (Қ.орда, Арал) бұйымтай. Ал, келген б ұ й ы м ы ң д ы айт! (Қ.орда, Арал). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
5
БҰЙЫМ
— зат. 1 . Күнделікті тұрмысқа қажетті дүние, зат, мүлік . Бір бұйымы бір үйге мұра болар, Қайран біздің Атайлар – ғұламалар! Алғыс айтып тәңірге, қарғыс айтып, Айдалада, аулақта жылап алар (2,147). ...
6
БҰЙЫМ
— зат. 1. Мүлік, жиһаз, дүние, зат. Бар екен Дайыр деген бір асқан бай, Малы көп, түрлі бұйым бәрі де сай (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ұялғаннан тастаған бір мыс тиын, Аш кедейге ол дағы қымбат бұйым. Кі ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
7
БҰЙЫМДЫ
— сын. Бұйымға толы, жиһазды. Үйдің іші бұйымды болмаса да жинақты, тап-таза (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ТАҒЫ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
ӘУЛЕТ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу