5ӨРІКТЕЙ —
сын. Өрік сияқты. Аталап, алма, өріктей мойын иіп, Тыңдадың ықласпен үнімді ұйып. Бауырлас орыс, қазақ, ұйғыр, ноғай, Кете алмай семьяңды тұрмын қиып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). ...
6ӨРІК-МЕЙІЗ —
зат. Алуан түрлі жеміс-жидек. Қол чемодан тәрізді кішкене жәшікті ашып көрсем, іші толған өрік-мейіз, анар екен (С.Омаров, Хан тағы). ...
7Өрік тосабы —
тамақ. Өрік жемісінен қайнатылатын дәмі ерекше, түсі сарғыш келетін тосап. Дұрыс қайнатылған өрік тосабының шырыны балдан бір де кем емес (Қаз. тілі термин. Тамақ.). ...